8 желтоқсан күні сағат 10:53-те 102 арнасына Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.
Тексеру барысында аталған факті расталды. Полиция қызметкерлері жігіттің жеке басын анықтады. Ол 25-ші қабаттан құлаған елорданың 19 жастағы тұрғыны болып шықты.
ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу