Туысы пышақтап тастаған астаналықтардың жағдайы белгілі болды

215

Күдікке ілінген 21 жастағы жігіт ұсталды. 

Туысы пышақтап тастаған астаналықтардың жағдайы белгілі болды Фото: canva.com

Астанада туысқанының пышақ шабуылынан зардап шеккендер №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шабуыл салдарынан оның 28 жастағы нағашы ағасы мерт болып, үш туысы ауруханаға жеткізілді.

Шабуыл жасаушының 60 жастағы тәтесі кеуде қуысынан жарақат алған.

"1964 жылғы әйелдің денесінің әр жерінде бірнеше рет пышақ жарақаттары, сол жақ қабырғасының сынғаны анықталды. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр", – деп хабарлады Астана денсаулық сақтау басқармасы.

Шабуылшының тағы бір нағашы әпкесі де түрлі жарақаттар алған.

"50 жастағы әйел де түрлі пышақ жарақаттарын алып, денесі көгерген, бас сүйек-ми жарақаты, оң жақ қабырғасы сынып, емханаға жатқызылды. Оның жалпы жағдайы орташа және тұрақты", – деп хабарлады ведомстводан.

Ал 18 жастағы нағашы қарындасы хирургия бөліміне жатқызылды. Оның жалпы жағдайы орташа және тұрақты.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу