Күні кеше Астана су қоймасында моторлы қайықпен балық аулау кезінде 1972 және 1975 жылы туған Теміртау қаласының тұрғындары белгісіз жағдайда жоғалған болатын.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 6 адам және бір техника, бір жүзу құралы, полиция департаментінің жеке құрамынан 2 адам және 2 техника, жергілікті атқарушы органдар, төрт волонтер және екі техника, стационарлық эхолотпен жабдықталған екі жүзу құралы жұмылдырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу