Елордада полицейлер жоқ үйлерді жалға беру арқылы алаяқтық жасаған әйелді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында интернет арқылы жоқ үйлерді жалға беріп, алаяқтық жасаған 29 жастағы азаматшаны қолға түсірді.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті Krisha.kz сайтында жалған хабарландырулар орналастырып, Астана, Алматы қалаларында және "Бурабай" демалыс базасында пәтерлер мен үйлерді жалға беремін деп уәде еткен. Ол жәбірленушілермен хат алмасу барысында сенімге кіріп, алдын ала төлем жасауды сұраған. Алайда ақша түскеннен кейін пәтер иесімен байланыс үзіліп, азаматтар алданып қалған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оның бес алаяқтық эпизодқа қатысы бары анықталды.