Астанада жол метеостанциясы пайда болады

861

Астанада жол метеостанциясы пайда болады

Астанада Сарыарқа ауданының І инвестициялық форумы болып өтті. Кездесуге 300-ден астам қатысушы келді, атап айтқанда Франция, Германия, Түркия, Канада, Қытай, Ресей, Белоруссия, Украина, Әзірбайжан және де отандық кәсіпкерлер де қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында инвестициялық алаңдар таныстырылды, оның ішінде 100-ден астам жер учаскелерінің мәліметтері де бар. Форумның қорытындысы бойынша 11 құжатқа қол қойылды. 

Бекітілген меморандумға сәйкес, қалада таяу уақытта жол метеостанциясы пайда болмақ. "Ақылды жол" жобасын  енгізумен неміс фирмасы айналысады. Қалада 10-ға жуық станция орнатылады. 

"Тұрғындар жол төсенішінің жағдайын емін-еркін бақылай  алады. Станция жердің температурасын біліп отыруға мүмкіндік береді. Егер қалыпты болса жауынды күндері жұмыс істеуге болады. Сол себепті ақылды жолды енгізу бюджетті үнемдеуге септігін тигізеді", - деді Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек.

Одан басқа, аталмыш технология жолды жедел түрде тазалап шыға алады.

"Станциялар жолды жылтыратып тегістеу жүйесімен тартылады. Көпірлерде, жолдарда мұз қатқан жағдайда жүйе іске қосылады да, барлық көшенің бойына реагентті сеуіп шығады", - дейді Арман Тұрлыбек.

Тағы бір ноу-хау 5G технологиясын енгізу болмақ. 

"Барлық болашақ инновациялық технологиялар 5G форматына жинақталады. Бүгінгі меморандум инвесторларға түптің түбінде енгізілетін технологияның моделін сынақтан өткізіп көруіне мүмкіндік береді", - дейді Арман Тұрлыбек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу