Астанада жол жөндеп жатқан жұмысшыны көлік қағып кетті

480

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Астанада жол жөндеп жатқан жұмысшыны көлік қағып кетті Фото: canva.com

Астанада 14 қыркүйекте жеңіл көлік жол жөндеп жатқан жұмысшылардың бірін қағып, мерт қылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқыс оқиға Lada көлігі Өндіріс көшесінің бойымен Ақбидай көшесіне қарай келе жатқанда болған.

– Ер адамды қағып кеткеннен кейін, Lada жолдың қарсы бетіне шығып KIA Sportage көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Kia Sportage жүргізушісі мен жолаушылары ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексеруден кейін олар үйіне жіберілді, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ал жүргізуші Астана қалалық ПД-ның тергеу изоляторына тоғытылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу