Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды көлік қағып, 1 адам қаза тапты

131

Елордада 18 тамызға қараған түні жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды көлік қағып, 1 адам қаза тапты Фото: aikyn.kz

Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші белгіленген жол белгілерін ескермей, жөндеу аумағында жүрген екі жұмысшыны қаққан.

Оқиға салдарынан олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Қалалық ПД баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция жолда белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және жүргізушілерді абай болуға шақырады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу