Жолдағы жұмысшыларға су шашып кеткен Lexus жүргізушісі қамалып тынды

915

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралып, қоғамда қызу талқыланды.

Жолдағы жұмысшыларға су шашып кеткен Lexus жүргізушісі қамалып тынды Фото: Бейнежазбадан

Астанада жол жөндеу жұмысшыларын басынан аяғына дейін суға малшындырып кеткен 32 жастағы Lexus жүргізушісі 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол көлігін шалшық судың үстімен жоғары жылдамдықпен жүргізіп, жол жиегінде жүрген жұмысшыларға су шашқан.

Елорда Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші бағдаршамның жыпылықтаған белгісіне қарамастан жылдамдығын төмендетпеген. Полиция оның бұл әрекетін айналасындағыларға және қоғамдық тәртіптің қарапайым нормаларына құрметсіздік деп бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу