Астанада жолаушы такси жүргізушісінің әмиянын ұрлап кеткен

466

Бойжеткен жүргізушінің назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, әмиянды қолды еткен.

Астанада жолаушы такси жүргізушісінің әмиянын ұрлап кеткен Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлім етті.

Портал мәліметінше, полицияға такси жүргізушісі көлігінен ақшасы бар әмиян жоғалғаны туралы арызданған. 

Ер адам әмиянның жоғалғанын жолаушы әйелді көрсетілген мекенжайға жеткізіп салған соң кейін білген. Тергеу барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Межелі жерге жеткен бойжеткен жүргізушінің назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, көлік панелінде жатқан әмиянды жымқырып үлгергені белгілі болды.  Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Анықталған күдіктінің елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу