Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

157

Аталған факті бойынша дереу қылмыстық іс қозғалды.

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады Фото: Бейнежазбадан

Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанға соғылды. Оқыс оқиғаның мән-жайын қалалық полиция департаменті анықтап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Республика даңғылы бойында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде көлікті басқара алмай, бағанаға соғылған. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Зардап шеккен жандарға жедел медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген хабарламада. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, автобус апатынан 10 адам зардап шеккен.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алған 10 адам қалалық стационарға жеткізілді. Зардап шеккендердің екеуі ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда, шұғыл операция жасалып жатыр", – деді басқарма.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу