Астанада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себілді

445

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп күтілуде. 

Астанада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себілді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордада ауа райының нашарлауы, соның ішінде екпінді жел мен көктайғақ байқалады. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр және жолдарда көктайғақтың орнауына жол бермес үшін барлық шаралар қабылданып жатыр.

Жауын-шашынның көп жаууына және температураның өзгеруіне байланысты көшелерде көктайғақ орнады. Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себілді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу