Астанада "Жолымыз бір!" концерт-манифесі өтті

358

Бір ерекшелігі – балалардың өнерін бағалайтын әділқазы алқалары – тәуелсіз мамандар.

Астанада "Жолымыз бір!" концерт-манифесі өтті Фото: видеодан алынған кадр

Бүгін елорданың Бейбітшілік пен келісім сарайында көпке танымал "Шаттық-2024" байқауының "Жолымыз бір!" концерт манифесі өтті.

Елдегі ахуалға байланысты ұйымдастырушылар жоғары деңгейде тойлатпай, осындай форматта өткізуді жөн сапанты. Дода биыл Астана қаласы әкімдігі, білім басқармасы және қаладағы 11 қосымша білім беру мекемелерінің ұйымдастыруымен 17 рет өтіп отыр.

Бір ерекшелігі – балалардың өнерін бағалайтын әділқазы алқалары – тәуелсіз мамандар. Сайыс соңына дейін олардың кім екені айтылмайды. Мақсат – сайыстың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз ету. 6 мен 17 жас аралығындағы оқушылар өздерін алаңдатып жүрген мәселелерін өнері арқылы ортаға паш етті. Бүгін қозғалған нашақорлық, буллинг, экология, бірлік тақырыптары балаларды тәрбиелеп қана қоймай, өнерге деген ынта-жігерін одан әрі оятады,-дейді ұйымдастырушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу