Астанада 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында А. Бараев көшесінің Республика даңғылынан Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет", – делінген хабарламада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу