Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

337

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты жолдың бір бөлігі уақытша жабылады Фото: canva

Астанада 26 қазан мен 3 қараша аралығында Ш. Мұртаза көшесінің Керей Жәнібек көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығында жол төсеміне жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу