Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Кенесары көшесінен бастап А.Иманова көшесіне дейінгі учаскеде Ш.Уәлиханов көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы мәлім етті.
Осыған байланысты 21-26 маусым күндері жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу