Тергеу барысында күдікті азаматтың өзін жоғары лауазымды таныстары бар тұлға ретінде таныстырып, жәбірленушінің сеніміне кіргені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол жоғары оқу орнына емтихансыз қабылдауға көмектесетінін уәде еткен соң, ақшаны күдіктінің есепшотына аударған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталып, қазіргі уақытта оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Полиция азаматтарды бейресми уәделерге сенбеуге, әсіресе бейтаныс адамдарға ірі көлемде ақша беруден сақ болуға шақырады.