Оның ішінде 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте инфекционист-дәрігер Динагүл Баешова айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Қалада жұқпалы аурулардың, соның ішінде ЖРВИ мен тұмаудың маусымы басылған жоқ. ЖРВИ 200-ден астам түрдегі вирустардан туындайды. Кейбір жағдайларда қоздырғыштардың бірнеше түрі бір уақытта өршуі мүмкін. Оның қатарына тұмау және COVID-19 сынды әртүрлі инфекциялар жатады, сондай-ақ суық тиіп, тұмауға ұқсас белгілермен жеңіл өтуі мүмкін немесе ауыр түрдегі жедел респираторлық инфекция ретінде де кездесуі мүмкін", - деді спикер.
Динагүл Баешованың сөзінше, көп жағдайда респираторлық вирустық инфекциялар жеңіл түрде жүреді және өздігінен өтеді.
"Өйткені иммундық жүйе ағзаны вирустан өздігінен тазартады. Аурудың ауыр жағдайлары вирустар төменгі тыныс жолдарына еніп, инфекция бронхиттен басқа вирустық пневмонияға және жедел респираторлық дистресс синдромына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, вирустық респираторлық инфекциялар созылмалы аурулардың өршуіне әкеп соқтыруы ықтимал", - деп атап өтті инфекционист-дәрігер.