Астанада жүк көлігінің қозғалысына шектеу қойылады

697

Астанада жүк көлігінің қозғалысына шектеу қойылады

Қала билігі қауырт сағаттарда жүк көлігі қозғалысына шектеу енгізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мұндай шешімді қабылдауға елордадағы көлік ағысының жалпы жылдамдығының төмендеуіне жүк көліктерінің әсері себеп болды. Бүгінгі таңда қаланың аумағында 220-дан астам құрылыс учаскелері жұмыс істеуде, олардың бәріне жүк техникасы қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, жүк машиналары жылдамдығының баяулығы, олардың ебедейсіздігі мен көлемінің үлкендігі сияқты факторлар жолдарда апаттық-қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін.

Шектеу 14 мамырда жұмыс күндері сағат 07.00-ден 09.00-ге дейін және 17.30-дан 20.00–ге дейін автомобиль жолдары шекараларының аймағында салмағы 3,5 тоннадан артық жүк көліктерінің қозғалысына енгізіледі. Ол 31 желтоқсанға дейін қойылып отыр.

Елорда әкімдігі мұндай шектеулерді Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу кезінде қолданды. Ол кезде қаланың белгілі бір учаскелеріне жүк көлігінің кіруіне сағат 6:00–ден 23:00–ге дейін шектеу қойылған болатын.

Жүк қозғалысына шектеу бекітілген сұлбаға сәйкес қала ішіндегі белгіленген 18 учаскеге қатысты болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу