Астанада Жұмабай Шаяхметовтің құрметіне қойылған ескерткіш жоқ – Мәслихат депутаты

572

Астана қалалық мәслихатының депутаты Гүлжамал Жапарова қалада  көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабай Шаяхметовке ескерткіш орнату мәселесін көтерді, деп жазады inbusiness.kz.  

Астанада Жұмабай Шаяхметовтің құрметіне қойылған ескерткіш жоқ – Мәслихат депутаты Фото: tengrinews.kz

"Қалада Жұмабай Шаяхметовтің құрметіне қойылған ескерткіш жоқ. Ол ел экономикасын қиын-қыстау кезінде көтерген тарихи тұлға ғой. Сталин айтпақшы, ол "Шығыстың қыраны, елдің алғашқы ұлттық хатшысы" болды.  Жұмабай Шаяхметов ел үшін, жер үшін өмірін қиған. Мұндай тұлға ескерткіш қою құрметіне әбден лайық деп ойлаймын", - деді ол.

Қалалық Мәслихаттың хатшысы Ерлан Қаналимов бұл мәселені Мәдениет басқармасымен талқылау керек деп қысқа қайырды.

Еске салайық, осыған дейін Мәслихат депутаты елордада Тоқтар Әубәкіровтің атына лайықты көше беруді ұсынғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу