Астана қалалық жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша ең қажетті деген бос орындарды ұсынуда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жүзге жуық жұмыс беруші студенттерді бухгалтер (66 жұмыс орны), заңгер (59 орын), экономист (47 орын), қаржыгер (37 орын), программист (26 орын), тәрбиелеуші (18 орын), психолог (18 орын), әлеуметтік қызметкер (16 орын), дизайнер (10 орын), аударма ісі (9 орын) мамандығы бойынша тәжірибеден өтуге шақырады.
Жастар тәжірибесіне қатысу үшін жеке куәлік пен дипломы болуы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу