Астанада жыл басынан бері 150 кондуктор жұмыстан шығарылды

701

Астанада жыл басынан бері 150 кондуктор жұмыстан шығарылды

Астанадағы жолаушылар жүргізушілерге қарағанда кондукторлардың жұмысына қатысты көп шағымданады, деп хабарлайды Астана медиа орталығы.

"Астана LRT" жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Бейбіт Есжановтың дерегіне сенсек, жүргізушілер мен кондукторлардың үстінен жылдамдықты шамадан тыс көбейту, көлікті кілт тежеу, жолаушыларға дөрекілік көрсету фактілері бойынша жиі шағым түседі. Бөлім басшысы бірде-бір арыз-шағымды ескерусіз қалдырмаймыз деп отыр.

"Жыл басынан бері түрлі тәртіп бұзушылыққа байланысты 52 жүргізуші, 150 кондуктор жұмыстан шығарылды. Бұл орайда бізде жұмысшылардың біліктілігін арттыратын орталық бар. Онда жұмысшылар ережелермен тансып, жолаушылармен сөйлесу мәдениетін үйренеді", - дейді Б. Есжанов.

Жалпы жыл басынан бері Астанада қоғамдық көлік жүйесі бойынша 4,5 мың тәртіп бұзушылық тіркелген. "Астана LRT" көлікте келеңсіз жағдайлар кездессе 8 (7172) 574-777 номеріне хабарласу керектігін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу