Астанада жыл басынан бері 5 мыңдай адамның қоғамдық орындарда темекі тартқанын анықталды

789

Астанада жыл басынан бері 5 мыңдай адамның қоғамдық орындарда темекі тартқанын анықталды

Үстіміздегі жылдың басынан бері рұқсат етілмеген орындарда темекі тартқаны үшін елордалық ІІД ЖПҚ қызметкерлері 5000-ға тарта бұзушылықты анықтады. ҚР ӘҚБК-нің "Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу" 441 бабын бұзғаны үшін үш АЕК немесе 6807 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұзушылықтардың алдын алу және анықтау мақсатында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда жүйелі түрде рейд шараларын өткізіп тұрады. Мысалы, кезекті рейд барысында Манас көшесіндегі тұрғын үйдің 40 жасар тұрғыны үйдің кіре берісінде темекі тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматқа 6807 теңге айыппұл төлеуге тура келеді. Аталған бапты бір жылдың ішінде қайталап бұзған жағдайда бұзушы алты АЕК - 13614 теңге төлейтін болады.

Полиция елорда азаматтарын жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы жақын маңдағы полиция бекетіне немесе 102 телефоны арқылы хабарлауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу