Астанада кәріз қақпағын ұрлаушылар 9 миллион теңге шығын келтірді

937

Астанада кәріз қақпағын ұрлаушылар 9 миллион теңге шығын келтірді

Кәріз қақпағын қайта қалыпқа келтіру үшін 9 млн теңге жұмсалған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасына 2017 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін "109 кезекшілік қызметі" ММ мәліметінше, ұрланған кәріз қақпақтары бойынша жалпы саны – 787 өтініш келіп түскен. Басқарма сол 787 қақпақ қалпына келтірген. Бұл жұмыстарды жүргізуге шамамен 9 444 000 теңге жұмсалды, - делінген ведомство хабарламасында. Астанада жыл басынан бері 170 жаңа қақпақ салынған, оның құны 2 040 мың теңгені құраған.

Бұған дейін хабарланғандай, Астанада барлығы 15 мыңнан астам су құбыры мен 20 мың кәріз қақпағы бар.

Жыл басынан ІІД-де 190 кәріз қақпағын ұрлау фактісі бойынша 17 қылмыстық іс тіркелген. 

Бұған қоса, Астана қаласының ІІД баспасөз хатшысы София Қылышбекова хабарлағандай, маусым айында жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде елордада жасырын түрде бір топ азаматтар қолға түсті.

Олар 30-дан астам кәріз қақпағын жымқырған. Ұсталғандар Қостанай, Ақмола облыстарының тұрғындары болып шыққан. Олар Астана қаласының ІІД УҰИ қамалды. 
Аталған факт бойынша, Қазақстан республикасының қылмыстық кодексінің "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі өндіру ісі жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында күдіктілердің аталған қылмысты жасауға қатысы тексерілуде. 

"Қаланың ІІД-де өз қызметін рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асыратын металл қабылдау пунктерін анықтаумен айналысатын қылмыстық полиция мен участкелік инспекторлар құрамынан мобильдік топ құрылып, жұмыс істеуде. Осындай 90-нан астам нүкте анықталып, қабылданған шаралардың нәтижелерінде бүгінгі таңда өз қызметін 30-ға жуығы тоқтатты. Сонымен қатар, полицейлер қақпақ тонаудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде.

"Осы жұмыстардың арқасында тамыз басынан бері Астанада кәріз қақпақтарды тонау бойынша бірде-бір факт тіркелген жоқ. Қақпақтарды тонау бойынша құқықбұзушылықты ашу Астана қаласының ІІД басшылығының үнемі назарында", - деді С.Қылышбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу