Астанада жыл басынан бері балалардың жоғалуына қатысты 2 мыңға жуық хабарлама түскен

214

Полиция ата-аналарды бала қауіпсіздігіне жауапты болуға шақырды.  

Астанада жыл басынан бері балалардың жоғалуына қатысты 2 мыңға жуық хабарлама түскен Фото: shkolaaktabanskaya-r45.gosweb.gosuslugi.ru

Астанада жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың хабар-ошарсыз жоғалуы және үйден өз бетінше кетуіне қатысты "102" арнасына 2 мыңға жуық хабарлама түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында жоғалған балалар мен жасөспірімдердің орналасқан жері қысқа мерзім ішінде анықталып, заңды өкілдеріне табысталады.

Полиция мұндай жағдайда ата-аналардың да дер кезінде әрекет етуі маңызды екенін атап өтті. Бала жоғалған жағдайда уақыт жоғалтпай, бірден "102" нөміріне хабарласу қажет.

Мамандар ата-аналарға балаларымен қауіпсіздік ережелерін алдын ала талқылауды, олардың қайда және кіммен баратынын хабарлап отыруын, үнемі байланыста болуын және бейтаныс адамдармен кездесуге келіспеуін түсіндіруді ұсынады.

Полиция ата-аналарды баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударып, оның араласатын ортасы мен жоспарларына қызығушылық танытуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу