Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұтұлы Орталық коммуникациялар алаңында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Жыл басынан бері елорда халқы саны 1 млн 170 мың адамды құрады, яғни жоспардағы көрсеткіштен бір неше есе асып түсті. Жыл сайын қалаға 50 мыңнан астам жаңа тұрғындар келеді және 30 мың бала туылады. Күн сайын Талапкер, Қоянды, Қосшы сияқты елді-мекендерден қалаға 150 мың адам кіреді. Жалпы тағы тіркелмеген не бізге жұмыс істеуге келген 50 мың азаматтар бар, деп бастады сөзін әкім.
Сондықтан қала санының күрт өсуіне байланысты жұмыссыздық негізгі мәселеге айналып отыр. Қала әкімдігі бұл проблеманы бизнес көмегімен шешпек.
"Жылдың соңына дейін 60 мың жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз. Жұмыс орындары негізінен шағын және орта бизнес нысандарында құрылады. Қазірдің өзінде елордалықтардың 70%-ы осындай жерлерде жұмыс істейді. ШОБ-тың қала экономикасына салынатын үлесі шамамен 69,5%-ды құрайды", - деді Ж.Махмұтұлы.
Мәлімдеме деректеріне сәйкес, былтыр шағын және орта бизнес 11 трлн 400 млрд теңгеге өнім шығарды. Биыл кәсіпкерлердің 4000 жобасына жалпы 29 млрд 500 млн теңгені құрайтын қаржылық көмек көрсету жоспарлануда.
"Елордада 154 инвестициялау жобадан құралған пул жасалды, осы жылы 24 кәсіпорынды іске қосу күтілуде. Жалпы жылдың соңына дейін 1 трлн 300 млрд теңгені құрайтын инвестицияларды тарту жоспарланған", - деп сендірді әкім.