Астанада жыл соңына дейін бірнеше орта білім мекемесі ашылады

381

Астанада жыл соңына дейін бірнеше орта білім мекемесі ашылады

Астана қалалық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта елордада 130542 оқушыны қамтитын 95 жалпы білім беру мекемесі бар, оның 84-і –  мемлекеттік және 11-і – мемлекеттік емес, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік мектептердің 56-сы жаңа типтегі оқу ордасы және олар 95984 оқушыны қамтып отыр, өткен оқу жылында – 84149, соның ішінде 4 гимназия, 26 мектеп-гимназия, 4 лицей, 21 мектеп-лицей және дарынды балаларға арналған 1 мектеп.

Сондай-ақ елордада 3625 оқушыны біліммен қамтып отырған 11 жекеменшік мектеп жұмыс істейді, соның ішінде негізгі және орта мектептер, оқу ордаларының 97%-ы интернетпен қамтамасыз етілген.

Жаңа модификациядағы кабинеттермен қамту деңгейі – 55,5%. 2016-2017 оқу жылында 2 мектеп ашылды – 600 орынды №26, 1200 орынды №84 мектеп. Қазір 6 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр, оларды 2017 жылдың соңына дейін тапсыру көзделген. Сонымен бірге, №37 мектепке 450 орынды қосымша құрылыс және коррекциялық мектеп-интернатқа 375 орынды қосымша құрылыс салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу