Жыл аяғына дейін Астанада көші-қон қызметі орталығы ашылады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Иманов көшесінде көші-қон орталығы ашылады және түскі үзіліссіз 9.00-ден 18.30-ға дейін қызмет көрсетеді", - деді Абылайхан Оспанов үкімет отырысында.
Оның айтуынша, шетел азаматтарын қабылдау және тіркеу ХҚКО стандарттарын қолдану арқылы "бір терезе" принципі бойынша жүзеге асырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу