Астанада жыл соңына дейін жеті өндірістік кәсіпорын ашылады

622

Астанада жыл соңына дейін жеті өндірістік кәсіпорын ашылады

2018 жылдың соңына дейін Астанада жеті жаңа өндірістік кәсіпорын ашылады деп жоспарланған. Бүгінде оның төртеуі іске қосылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​"Барлық кәсіпорындар арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасатын болады. Жаңа жеті кәсіпорынның ашылуымен шамамен 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр", - деді қоғамдық кеңестің отырысында Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бекмұрзаев.

Оның айтуынша, жаңадан ашылатын өнеркәсіп кәсіпорындарының барлығы инновациялық болады.

"Бір кәсіпорынды мемлекет басшысының қатысуымен желтоқсан айында өтетін индустриаландыру күнінде таныстыруды жоспарлап отырмыз. Ол цифрландыруды дамыту шеңберінде жұмыс істейтін модем, модуль шығарумен айналысатын "digital system servis" кәсіпорыны. Шетелдік инвестордың қатысуымен ашылатын қазақстандық кәсіпорын", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу