Бүгіннен бастап астанада тұрғын үйлерге жылу беріле бастады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астанада ресми түрде жылу маусымы басталды. Қаладағы көпқабатты үйлер жылуға қосылды. Процесс бірнеше күнге созылады.
Бүгінге дейін өтініш бойынша жылу жабдығына әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық 127 объекті қосылып үлгерді. Жылу 18 денсаулық сақтау объектісіне, 72 балабақшаға, 16 мектепке, 11 оқу орнына, 3 мәдени нысанға берілді.
Көмір бойынша отын қоры 332 606 тоннаны құрайды, оның ішінде ЖЭО-1 – 50 679 тонна, ЖЭО-2 – 281 927 тонна. Мазут бойынша – 5 770 тонна, Оның ішінде ЖЭО-1 – 3 203 тонна (қосысша резерв – 5 382 тонна) және ЖЭО-2 – 2 567 тонна.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу