Елордада жылыту маусымы бес күн бойы тұрақты орташа күндік сыртқы ауа температурасы плюс 10 градус және одан төмен болған кезде басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл ереже Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Астана қаласында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес.
Метеорологтар бұған дейін Астанада 5, 6 және 7 қыркүйекте жаңбыр жауатынын ескерткен болатын. Күндіз ауа температурасы +10+12°C болады. Түнде ол беске дейін төмендейді.
Ақтөбе және Қостанай облыстарында үсік күтіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу