Астанада жылу қашан берілетіні хабарланды

1016

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, Астанадағы тұрғын үйлердің 94 пайызы жылу маусымына дайын.

Астанада жылу қашан берілетіні хабарланды

Астана әкімдігі "жылу қашан беріледі", "неге коммуналдық қызметтер оны дәл қазір іске қоспайды" деген сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды astana.gov.kz. 

"Егер орта тәулікпен көше температурасы бес күн ішінде +10°С болса, алтыншы күні астананың пәтердегі тұрғындарына жылу жіберіледі. Ең бірінші кезекте – әлеуметтік маңызы бар объектілер балабақшалар, мектептер, ауруханаларға беріледі. Қоғамдық нысандардың артынша қалалықтардың пәтеріне жылу барады", - деп түсіндіреді әкімдік.

Әкімдік неліктен сыртта күн жылы кезде жылуды уақытша қосып және өшіріп қоюға болмайтынын айтады.

"Жылуды босату – бұл күрделі технологиялық процесс. Технологиялық нормаларды сақтамау және жылу жүйесіндегі процестер апатқа, үзіліске, инженерлік-техникалық құралдардың құртылуына әкеп соғуы мүмкін, тұрғын үйлерге де, жылу желілеріне де. Осыған байланысты жылу беру кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Энергожабдықтау ұйымдарының тұрғын үйлерге жылуды бергеннен кейін, тұрғын үйлерге жылуды босатудың кезеңі басталады. Бұл жұмыстарды қызмет көрсетуші (басқарушы) ұйымның персоналдары атқарады. Энергоберуші ұйымдар жылу маусымы басталған бір айдың ішінде жылу желілерін ретке келтіріп, тұтынушыларға енгізеді", - делінген хабарламада.

Астанада 2 414 көпқабатты тұрғын үй орталық жылуға қосылған, 2 261 алдағы жылу маусымына дайындық бойынша барлық жұмыстар атқарылды.

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, астанадағы тұрғын үйлердің 94 пайызы жылу маусымына дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу