Астанада жылу маусымы ауа райы тұрақталған кезде тоқтатылады

757

Астанада жылу маусымы ауа райы тұрақталған кезде тоқтатылады

Жылу маусымы күннің жылуы тұрақталған кезде тоқтатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуовтың айтуынша, қалалық мәслихат бекіткен Астанадағы жылу маусымына дайындық пен оны өткізу ережесіне сәйкес, аяқтау туралы шешім бес күн күнтізбе ішінде тыстағы ауа райы 10ºС жоғары болған кезде қабылданады.

"Өздеріңіз де көріп отырсыздар, қазір күндіз жылы болғанымен, түнде суық. Орта температура тәулікке қарап алынады. Синоптиктердің мәліметінше, ауа райы 9 мамырдан кейін ғана тұрақталады", – деді Ербол Төлеуов.

Естеріңізге сала кетейік, жылу маусымы Астанада өткен жылы 27 қыркүйекте басталған болатын. Бұл күнге дейін жылу балабақшаларда, мектептерде, денсаулық сақтау мен мәдени нысандарға берілген болатын.

Ербол Төлеуовтің айтуынша, әлеуметтік нысандар бойынша жылуды сөндіру жекелей жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу