15-сәуірден бастап "Астана-Теплотранзит" АҚ Астананың жылумен қамту жүйесіне тексеріс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін тексеріс өткізілетін күндері жылу жүйесінің контурына "Уранин-А" маркалы жасыл түске боялған су жіберіледі. Бұл туралы "Астана-Теплотранзит" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сергей Голев айтты, деп хабарлайды elorda.info.
"Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін тексеріс күндері жылу желілері контурына адам организміне зиянсыз болып табылатын "Уранин-А" маркалы жасыл түске боялған су жіберіледі. Ол жылу трассаларындағы жылу таратудағы ақауларды, жұмыс істемейтін сужылытқыш нысандарын анықтап, оларды қалпына келтіру үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді", - деді Голев.
Оның айтуынша , "Уранин-А" жылумен қамтамасыз ету жүйесінде пайдалануға және ақаудың индикеторын бояуға рұқсат етілген. Сынама жүргізу Астана қаласының тұтынушылар құқығын қорғау департаментімен келісілді.
Бояғышты пайдалану суқұбыры арқылы келетін судың сапасына әсер етпейді. Алайда ол үйдегі суды жылытудың ақауы барын білдіреді және техникалық су жылыту жүйесінен тұрмыстық қажетілік үшін ыстық суға түседі.
"Егер ыстық судың кранынан жасыл түсті су аққанын көрсеңіз, басқарушы компанияға (ПИК), қызмет көрсететін ұйым мен 109 байланыс орталығына немесе 8(7172)77-12-00, 8(7172)39-69-08, 8(7172)79-88-97, 8(7172)77-12-92 нөмірлері бойынша "Астана-Теплотранзит" АҚ-ның диспетчерлік орталығына хабарласу керек. Қызмет көрсететін ұйым мен бірінші кезекте ПИК-тер су жылыту құралын сөндіру мен жөндеуге қажетті шараларды қабылдауы керек", - деді "Астана-Теплотранзит" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары.