Астанада жабық аялдамада шылым шеккені үшін 46 жастағы ер адам жауапқа тартылды. Шылымқұмар енді 3 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап "Спутник Қазақстан" агенттігі хабарлайды.
25 қаңтар күні жергілікті рейд кезінде Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы қоғамдық тәртіп бұзу әрекетін анықтаған.
Мекеменің хабарлауынша, Ч. есімді азаматтың Шалкөде көшесіндегі жылы аялдамада шылым шегіп тұрғанын учаскелік инспектор байқап қалған. Темекі тартқан ер адамға ҚР ӘҚК 441 бабы бойынша 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ескерерлігі сол, бұл бап бойынша екінші рет құқық бұзылса, айыппұл екі еселеніп, 13 мың 614 теңгені құрайтын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу