Астанада жылы аялдаманың жаңа нұсқасы орнатылды

1012

Астанада жылы аялдаманың жаңа нұсқасы орнатылды

Елорданың оң жағалауында Digital euro city форматындағы жаңа жылы аялдама орнатылды. Бұл туралы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

"Назарларыңызға бірегей жоба – Digital euro city форматындағы жаңа жылы аялдаманы ұсынамыз. Жылы аялдамаларға әркім әртүрлі көзқараста, дегенмен қоғамдық көліктің әрбір тұтынушысына, Астана қонақтарын есепке алмағанда, қала тұрғындарының 60-70% қолайлы болу үшін аса ыңғайлы аялдама нұсқасын орнаттық", – деп жазды аудан әкімі өзінің Facebook парақшасына.

Аялдама Кенесары-Сарыарқа көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл халық көп шоғырланған аумақ пен жақын маңдағы ЖОО келушілері үшін ыңғайлы болмақ. Аялдама 3 секторға бөлінеді: біріншісі – күту залы, мұнда жолаушылар автобус кестесімен және бағыттармен таныса алады. Тағы бір артықшылықтардың бірі – тегін Wi-Fi (тестілеу режімінде), телефон қуаттайтын көздер мен тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі. Екінші сектор – жабық күту залы. Бұл қысқы аяз бен жазғы аптап ыстықта үлкен сұранысқа ие болмақ. Зал ауа баптау және жылыту жүйесімен жабдықталған, автобустар кестесі мен бағдар картасы ілінген. Үшінші сектор сауда-саттыққа, минимаркеттерге арналған.

"Жыл соңына дейін дәл осындай еуропалық нұсқадағы 26 аялдама орнатылады. Әкім тапсырмасына сәйкес, мұндай аялдамалар ең алдымен әлеуметтік нысандар маңында тұрғызылуы тиіс", – деп түсіндірді Арман Тұрлыбек.

Одан бөлек, кез келген тілек білдіруші еуропалық жылы аялдамаларды орнатуға инвестиция құя алады. Бұл үшін "Астана" ӘКК арқылы тағы 145 орын әзірленген, сондай-ақ, инвесторға минимаркет бөлігі беріледі. Кенесары-Сарыарқа қиылысында орнатылған аялдама жеке инвестор есебінен тұрғызылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу