Астанада жылыту маусымы 5 қазанда басталады

482

Қазіргі уақытта барлығы 116 әлеуметтік нысанда жылу бар.

Астанада жылыту маусымы 5 қазанда басталады Фото: inbusiness.kz

Астанада 5 қазанда жылыту маусымы басталады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұрын берілген өтінімдер бойынша жылу қаланың әлеуметтік нысандарында: мектептерде, балабақшаларда, ауруханаларда қосыла бастады. Барлығы 116 әлеуметтік нысанда жылу бар", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Норматив бойынша елордада жылу беру маусымы сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы +10°C немесе одан төмен болған кезде басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу