Астанада жылыту маусымының қорытындысы шығарылды

693

Астанада жылыту маусымының қорытындысы шығарылды

Астанада 10 мамырда жылу беру маусымы тоқтатылды. Әкімдік шығарған қорытынды бойынша, қалада өткен жылдармен салыстырғанда энергия көздеріндегі апат жағдайы 19 пайызға, электр желілеріндегі 23 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, өткен маусымда елордада энергия көздерінде 39 516  вагон көмір және 126 цистерна мазут жұмсалған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов аппарат кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда инфо.

Әкімдікте өткен аппарат кеңесінде жылыту маусымының қорытындысы шығарылды.

"Жылу беру кезеңінде энергия көздерінің, жылу және электр желілерінде апаттық ажыратулар мен бірінші дәрежелі істен шығу жағдайлары тіркелген жоқ. Өткен жылдармен салыстырғанда энергия көздеріндегі апат жағдайы 19 пайызға, электр желілеріндегі 23 пайызға төмендеді", - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.

Орынбасардың айтуынша, жылыту маусымы кезеңінде 2 284 млн кВт.ч электр және 6 391 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген. Қаланың энергия көздерінде 2 766 мың тонна көмір (39 516  вагон), 7 565 тонна мазут (126 цистерна) жұмсалыпты.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы әкімінің 10 мамыр күнгі № 509-782 қаулысына сәйкес, қалада жылыту маусымы аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу