Астанада зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтеді

1610

Астанада зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтеді

2016 жылдың 25 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қарсы бағытталған республикалық ақпараттық-насихат акциясы өтеді. Акцияға қатысушылар – мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және қоғам өкілдері. Ақпараттық науқан барысында елорда сақшылары дәрістер оқып, дөңгелек үстел басында жиналады, түрлі флешмобтар өткізіледі, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға заңгерлік кеңес беру. Халықтың кең топтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандыру және сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары туралы хабарлау.

Сондай-ақ, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері және психологтар мұқтаж азаматтарға некелері мен отбасын сақтау бойынша, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын реттеуде психологиялық және заңгерлік көмек көрсетеді.

Акция барысында сауда-ойын сауық орталығында концерт ұйымдастырылады. Астана қаласының тұрғындары ақпарат пен маман кеңесін алу үшін психологиялық көмек көрсету жөніндегі қалалық дағдарыс орталығына (49-78-89, психолог мамандар) немесе Астана қаласы ІІД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің 71-60-63 сенім телефонына  хабарласа алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу