Астанадағы 32 мектепке заңсыз медициналық мекемелер қызмет көрсеткен

200

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

Астанадағы 32 мектепке заңсыз медициналық мекемелер қызмет көрсеткен Фото: mcfr.kz

Прокуратура өкілдері Астанада балалардың конституциялық құқығы бұзылғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық прокурорлар жергілікті атқарушы органдар мектеп медицинасын тиісті деңгейде ұйымдастырмағанын анықтады.

"Тексеру барысында 32 мектепке мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген медициналық ұйымдардың тиісті қызметке лицензиясы мен қажетті санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары болмағаны белгілі болды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабына сәйкес, балалардың тегін медициналық көмек алуға құқығы кепілдендірілген. Қадағалау актісі негізінде кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура ұсынған шараларды орындау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық, медициналық және фармацевтикалық сала қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылып, осы нысандарды заңнама талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу