Астанадағы алып шолу дөңгелегінде Шәмші Қалдаяқовтың бейнесі көрініс тапты

487

15 тамызда қазақтың әйгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Астанадағы алып шолу дөңгелегінде бейнесі көрініс тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанадағы алып шолу дөңгелегінде Шәмші Қалдаяқовтың бейнесі көрініс тапты Фото: Астана әкімдігі

Композитордың LED-жарықтандыру технологиясы арқылы жасалған портретінің диагоналі 65 метрді құрайды және ол 53 мың пиксельден тұрады. Ауқымды бейне қаланың бірнеше тұсынан – Сарыарқа және Тұран даңғылдары, сондай-ақ Қорғалжын тасжолы жағынан анық көрінеді.

Арнайы тақырыптағы бейнетрансляция композитордың шығармашылығына арналған мерекелік шаралардың бір бөлігі болды.

Айта кетейік, бүгін елордада Шәмші Қалдаяқовтың туған күні кең көлемде аталып өтті. Қаланың әр жерінде композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған музыкалық акциялар, перформанстар және блиц-сауалнамалар ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу