Астанадағы Арқар көпірі уақытша жабылады

234

Бұл туралы елорда әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.  

Астанадағы Арқар көпірі уақытша жабылады Фото: gov.kz

Арқар көпірі арқылы көлік қозғалысы 29 тамызға дейін ішінара шектеледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Уақытша шектеу көпірдегі деформациялық тігісті жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс схемасындағы өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Шектеу учаскесінде уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу