Әлемнің 28-ракеткасы америкалық Себастьян Корда Астанадағы турнирдің жартылай финалында АТР рейтингінде 120-орында тұрған сербиялық Хамад Меджедовичті 6:7(6:8), 7:6(7:2), 7:6(7:3) есебімен ұтты, деп хабарлайды
Матч 2 сағат 49 минутқа созылды. Бұл спортшылардың алғашқы кездесуі еді. Корда Astana Open бас жүлдесі үшін франциялық теннисші Адриан Маннариномен таласады.
Адриан Маннарино жартылай финалда аустриялық Себастьян Офнерді 6:4, 6:2 есебімен оп-оңай жеңді.
Жекелей сындағы финалдық матч ертең, 3 қазанда 15:30-да өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу