Астанадағы "Атырау" көпірінен көлікпен жүріп өткен тұрғын қамауға алынды

211

Ол 15 тәулікке бас бостандығынан айырылды.

Астанадағы "Атырау" көпірінен көлікпен жүріп өткен тұрғын қамауға алынды Фото: видео скриншот

Астана тұрғыны "көлікпен жаяу жүргіншілер көпірінен өте аламын" деп досымен бәстескен. Салдарынан көлік жүргізушісі тәртіп бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың ақпаратынша, қоғамдық орын саналатын орталық саябақтың "Атырау" жаяу жүргіншілер көпірінде ер адам көлікті мемлекеттік нөмірсіз жүргізген.

"Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, автокөлікті жаяу жүргіншілер көпірінде жүргізу туралы досымен бәстескенін, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Жасалған әрекеттің сипатын, кінәлінің жеке басын, оның құқықбұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, істің мән-жайын ескере отырып, көпірдегі жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген адамды тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ жаңа құқықбұзушылық жасауға жол бермеу мақсатында, соттың қаулысымен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу