Зардап шеккен бойжеткеннің айтуынша, оқиға тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні Бейбітшілік көшесінде болған. Жәбірленуші өзін бейтаныс әйел басы-көзінен төпелеп, қабағын жарып жібергенін жеткізді.
Астана қаласының полиция департаменті аталған жағдай бойынша Сарыарқа аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу