Автопарк екі аяғынан айрылған 8 жасар қызға өмір бойы ақша төлеп тұрады

722

Алуаның ағасы автопарк басшылығымен кездескендерін, олар зардап шеккен отбасыны өмір бойы қамтамасыз етуге уәде бергенін мәлім етті.  

Автопарк екі аяғынан айрылған 8 жасар қызға өмір бойы ақша төлеп тұрады Фото: facebook/gulbanuzaman

Автопарк өкілдері апаттан зардап шеккен Алуаның бауырларына да көмектесуге уәде беріп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгін №1 автопарктің басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатовпен эмоционалды әрі күрделі әңгімелесу өтті. Біздің отбасылық қайғымызға, Алуаға адамшылықпен қарағандарын көрдік. Автопарк басшылығы жол-көлік апатына жауапкершілік алып, Алуаның да, Махаббаттың басқа 4 баласының да лайықты өмір сүруін автопарк өмір бойы қамтамасыз ететін болды. Шығындарды төлеуге кепілдік берді. Қазір біз Алуа мен Махаббаттың отбасының өмір бойғы шығындарын инфляцияны ескере отырып есептеу үшін заңгерлер мен экономистерге жүгіндік. Біздің келісім заң тұрғысынан қалай бекітілетінін, Әкімдік оны қалай орындайтынын хабарлап отыратын боламыз", – деп жазды help.aluabeken парақшасындағы жазба авторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу