Астанадағы автотұрақтар қала әкімдігінің меншігіне өтеді

131

Әзірге нақты қандай өзгерістер болатыны белгісіз. 

Астанадағы автотұрақтар қала әкімдігінің меншігіне өтеді Фото: kolesa.kz

Белгілісі халықтың талап-тілектері ескеріледі. Бұл туралы жауапты басқарма өкілі айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еске сала кетейік, шаһар басшысы Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен кездесуінде "Астана тұрақ кеңістігі" серіктестігімен келісімшарттың бұзылатынын айтқан еді.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, келісімшарт 20 жылға, яғни 2028 жылға дейін жасалған. Дегенмен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі келісімшартты бұзу туралы ұйғарым шығарған. Тергеу жүргізіліп, автотұрақ операторын таңдау кезінде заңсыздыққа жол берілгенін анықтаған. Оның үстіне соңғы кезде тұрғындар тарапынан жауапты компанияға шағым да көбейген.

"Себебі жылдан-жылға автокөлік санының өсуіне байланысты оған сапалы басқару және сапалы күтім керек болғандықтан осындай шешімдер қабылданып жатыр. Мәселен кейбір тұрғындар тұрақтың ақылы болғандығына шағымданса, кейбір тұрғындар ауласында көлік көп болғандықтан, ақылы тұрақты көбейту мәселесін көтеріп жүр",  дейді Қалалық көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бас маманы Бауыржан Күмісбеков.

Сондай-ақ бұл мәселе бойынша "Астана тұрақ кеңістігі" компаниясына хабарластық. Олар 10 жұмыс күнінде жауап беретінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу