Астанадағы Backstreet Boys концертіне арнайы шаттл-автобустар қатынайды

108

Астанада 21 қыркүйек күні әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді.   

Астанадағы Backstreet Boys концертіне арнайы шаттл-автобустар қатынайды Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 21 қыркүйек күні әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана қалалық әкімдігіне сілтеме жасап.

Шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін "Астана Арена" стадионына жеткізеді.

Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап 5 аялдамадан басталады:

  • "Астаналық цирк" автотұрағы;
  • "Әзірет Сұлтан" мешітінің автотұрағы;
  • "Қазақстан" спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;
  • Орталық саябақ автотұрағы;
  • "Бас мешіт" алдындағы автотұрақ.

Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу