Астанадағы балабақшалардың бірінде өрт шықты

426

Балалар өрт сөндіру мамандары келгенге дейін эвакуацияланған. 

Астанадағы балабақшалардың бірінде өрт шықты Фото: google.com

Елордада балабақшадан өрт шықты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

"2 мамыр күні сағат 15:29-да Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшесіне Хлудов көшесі, 1 мекенжайында балабақша өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты жекеменшік балабақша шатырының жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылар дереу адамдарды іздеуге кірісті. Балабақша әкімшілігінің мәліметінше, барлық бала өрт сөндіру қызметі келгенге дейін эвакуацияланды", - делінген ресми хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, қызыл жалын сағат 16.15-те оқшауланып, сағат 16.25-те жойылды. Өрт алдын ала болжам бойынша 300 шаршы метрді аумақты шарпыған. Тілсіз жалынды сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 40 адамы, 13 бірлік техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу