Астананың мамандандырылған балалар үйінде ата-аналары белгісіз, баладан бас тарту туралы құжаттары рәсімделмеген 12 тастанды бала тәрбиеленіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Балалар үйінінің директоры Сәуле Кенжебаеваның айтуынша, бүгінгі күні мекемеде төрт жасқа дейінгі 48 бала бар.
"Оның 21-і ата-аналары бас тартқан, 15 уақытша орналастырылған және ата-аналары қандай да бір құжатты рәсімдеместен тастап кеткен 12 тастанды бала бар", - деді Сәуле Кенжебаева.
Айта кетейік, 2017 жылы Астана қаласының мамандандырылған балалар үйінен 38 бала асырап алынған. 17 бүлдіршін қамқорлыққа беріліп, 35 бала отбасына қайтарылды. Сондай-ақ 3 бала патронаттық тәрбиелеуге беріліп, 8 бала психоневрологиялық мекемеге тапсырылды.