Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің бірінің Астанадағы бөлімшесінде арзан бағаға көлік сатылуда деген ақпарат жалған болып шықты. Әлеуметтік желі арқылы тараған хабарламаны банк өкілдері жоққа шығарды. Олардың айтуынша, ескі көліктерді алам деушілер бағалаудан кейін ғана, оның өзінде нарықтағы бағаға сай сатып алады. Бірақ, жалған ақпаратты естіп таңнан бері орталыққа 500-дей адам келіп үлгерген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу